Ресейлік балуан Даулетбековты Моңғолиядағы элиталық турнирдің «алтынынан» айырды
Ресейлік Асхаб Саадулаев Азамат Даулетбековты Моңғолияда өткен еркін күрестен элиталық турнирдің «алтынынан» айырды, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
Қазақстандық және ресейлік балуандар «Улан-Батор Оупен» турнирінің 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда кездесті. Шешуші айқаста Ресей спортшысы жеңіске жетті — 6:3 есебімен алтын медальді иеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Улан-Батордағы еркін күрестен турнирде әзірге алтын медальсіз қалып отыр.
Айта кетейік, «Улан-Батор Оупен» — еркін күрестегі ең беделді жарыстардың бірі. Бұл турнирге түрлі күрес мектептерінің мықты өкілдері жиналады, ал қазақстандық спортшылар үшін мұндай дода алдағы ірі халықаралық жарыстарға дайындық жолындағы маңызды сынақ саналады.
Даулетбековтың турнирдегі финалға дейінгі жолы:
Іріктеу: Бекзат Аманғали (Қазақстан) — 5:4.
1/4 финал: Аболфази Физурдже (Иран) — 4:4.
1/2 финал: Кумар Пунит (Үндістан) — 10:0.
