locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ахматта» Кенжебектің болашағы айқындалды

Клуб қазақстандық футболшымен әріптестікті жалғастыруды көздейді
ФОТО: Getty Images

«Ахматта» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебектің болашағы айқындалды, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

AmanVIBE мәліметінше, алаңдағы минуттарының аздығына қарамастан, шешендік клуб қазақстандық футболшымен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті.

Маусым соңында Кенжебек өзін жақсы қырынан көрсетті, сондықтан Станислав Черчесовтың бапкерлік штабы келесі маусымда ойыншыға мүмкіндік беруді жоспарлап отыр.

Кенжебек «Ахматта» қалай өнер көрсетуде?

Ғалымжан «Ахмат» сапында 2026 жылдың қаңтарынан бері ойнап келеді. Осы уақыт ішінде қазақстандық жеті матч өткізіп, бір гол соқты. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы РПЛ-дегі дебюттік голын 29-турда махачқалалық «Динамо» қақпасына енгізді.

Самородовтың жағдайы қалай?

23 жастағы Қазақстан құрамасының вингері Грозный клубында 2024 жылдың тамызынан бері ойнап келеді. Өткен маусымда ол Черчесовтың негізгі құрамында болды. Самородовтың еншісінде барлық турнирлерде 34 матчта бес гол және тоғыз нәтижелі пас бар.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie