Мундиаль жұлдыздары: 2026 жылғы ӘЧ-нің ең көрікті тележүргізушілері
Жаздың ең көптен күткен спорттық оқиғасының басталуына бір аптадан аз уақыт қалды: әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.
Алайда қызығушылық тек матчтарға ғана емес, сонымен қатар ойындардың айналасындағы телестудияларға да ауысады. Мұнда өз сұлулығымен кейбір ойындардың өзін екінші планға қалдыратын жарқын тележүргізушілер жұмыс істемек.
· 2026 жылғы ӘЧ-нің ең тәжірибелі ойыншылары – Роналду көшбасшылар қатарында емес
Дилетта Леотта – Италия (DAZN / Sky)
Италиялық спорт журналистикасының секс-символы және қақпашы Лорис Кариустың жұбайы. 2011 жылдан бері итальяндық стриминг қызметтерінде жұмыс істеп, Серия А матчтарын жүргізіп келеді, студияларды өзінің әсерлі сымбаты мен материалды ұсыну шеберлігімен «жарды». Дилетта ең көп танымалдылыққа DAZN Italia-ның бет-бейнесі ретінде, Серия А матчтарын жүргізуімен ие болды.
Культтік журналистті тікелей эфирде Лос-Анджелес пен Нью-Йорктегі матчтарда шет сызық бойынан репортаж жүргізіп жатқанын көре аласыз.
Химена Санчес – Мексика (FOX Sports)
«Мексикалық Ким Кардашьян». Химена Санчес – танымал мексикалық спорт журналисті, тележүргізуші және модель, FOX Sports Mexico арнасындағы жұмысы арқылы кеңінен танылды.
Футбол қауымында және БАҚ-та оны әсерлі келбеті мен әлеуметтік желідегі миллиондаған жанкүйерлері үшін жиі «мексикалық Ким Кардашьян» деп атайды. Футболдан бөлек, Санчес MLB, NFL, WWE секілді америкалық лигалардағы оқиғаларды да жүргізеді.
Офели Менье – Франция (M6 / RTL)
39 жастағы француз аруы кәсіби жолын модельдік салада бастаған, бірақ кейін журналистикаға бет бұрды. Бұл шешімі сәтті болып, бүгінде Франциядағы ең танымал медиа тұлғалардың біріне айналды.
Офели аналитикалық және ойын-сауық шоуларын жүргізеді, ал басты футбол турнирлерінде M6 телеарнасында репортаж жасайды.
Лора Вудс – Ұлыбритания (TNT Sports / ITV)
Қажырлы еңбегінің арқасында Лора Вудс Ұлыбританиядағы ең танымал әрі ең жоғары ақы төленетін спорт тележүргізушілерінің біріне айналды. Вудс Sky Sports-тағы жұмысын 2009 жылы продюсер көмекшісінен бастап, футбол мен бокс бойынша ең сұранысқа ие жүргізушілердің біріне дейін өсті.
Қазіргі таңда ол TNT Sports пен ITV арналарында УЕФА Чемпиондар лигасының матчтарын тікелей эфирде жүргізеді. Ол – жаңадан Англия чемпионы атанған Лондонның «Арсенал» клубының жанкүйері.
Сандра Диас – Испания (DAZN España)
Испандық тележүргізуші El Chiringuito de Jugones атты культтік испан футбол ток-шоуына қатысқаннан кейін танымал болды. Бүгінде Сандра – DAZN España-ның басты жұлдыздарының бірі, Ла Лига футболшылары мен бапкерлерімен ашық сұхбаттарымен аты шықты. Әрине, мұндай арудан сұхбатты ешкім де бас тарта алмас.
Айноа Перес – Испания (DAZN España)
Сандра Диастың әріптесі әрі DAZN España-да жүргізуші. Айноа Перес – испан спорт журналистикасының жаңа буын өкілі әрі болашағы зор маман.
Ол Ла Лига тренерлері мен менеджерлеріне қоятын қиын сұрақтарымен танымал, сондықтан оның тікелей эфирдегі репортаждары жиі «отты» болып жатады. Болашағынан зор үміт күттіретін журналистің сымбатын біз жазғы мундиаль матчтарынан тікелей эфирде тамашалай аламыз.
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді. Жаздың басты спорт оқиғасына айналатын турнирдің ерекше фактілерімен осы жерде таныса аласыз.