«Шансы жоқ»: «Қайрат» неге Канье Уэстке стадион босатқанын Артур Аскарұлы түсіндірді
Жаңа шығарылымда Sports24.kz танымал блогер Артур Аскарұлы, яғни archibaaall лақап атымен белгілі, «Қайрат» неге стадионды Канье Уэстке босатқанын, оның концерті 14 тамызда «Орталық» стадионда өтетінін талқыладық.
- Канье Уэсттің «Алматы Аренаға» бара қоюы екіталай. Ал осының бәріне қарамастан, «Қайрат» «Жас Қыранда» ойнай алмайды – ол сертификаттан өтпейді, бұл, бәлкім, ең жаман шешімдердің ішіндегі ең дұрысы болар еді. Бұл жай ғана инфрақұрылым мәселесі – екі жылдай шыдап, стадионды салып бітіру керек. Егер ол салынып жатса, әрине.
- «Қайрат» өз стадионы үшін күресуі керек пе еді?
- Менің ойымша, мұнда ешқандай мүмкіндік жоқ. Кімге қарсы? Бұл Мәдениет министрлігі ме? Бұл – мемлекеттік шешім. Жекеменшік қолда емес қой. Барлығы мемлекет шешеді, иә? Бұл – танымалдылық, туризм үшін жасалып жатқан дүние. Ал енді, қызығы – егер бұл Чемпиондар лигасының екінші-үшінші іріктеу кезеңі емес, топтық кезеңі болып, қарсылас ретінде, мысалы, «Реал Мадрид» түскенде не болар еді? Міне, сонда не істер еді?
Міне, бұл жерде өте қызық, өйткені екі жақта да туристер көп, ақша екі жақтан да қала мен ел бюджетіне түседі. Осы жерде дилемма бар. Ал қазір, мен басқарушылардың орнында болсам, олар: «Оқиғаның ауқымы бойынша Канье Уэсттің концерті екінші раундтан маңыздырақ» деп отырған шығар.
Үшінші раундты да алсақ, бәрібір. Сондықтан бұл бюджет пен қаржы тұрғысынан тиімдірек, кешіріңіздер, футбол жанкүйерлері. Осындай шешім қабылданды. «Қайратқа» бәлкім қандай да бір жеңілдік беретін шығар, мысалы, билет ақысын Түркістанға дейін төлеп береді, не «Түркістан Аренада» тегін ойнауға рұқсат береді. Бірақ, меніңше, ештеңе бермейтін сияқты.
Осылайша, фактімен бетпе-бет қалдыңдар, бағыну керек. Мен солай ойлаймын. Жанкүйер ретінде, әрине, бұл маған ауыр тиеді, жүргізуші ретіндегі көңілім одан да құлазыды.
- Иә, бір жағынан, оқиғалық туризм жақсы, бірақ екінші жағынан, сол оқиғалық туризм отандық спорттың жетістігімен тікелей байланысты болса дейсің.
- Жоқ, мұнда ел ретінде тезірек, көбірек дамудың қажеттігін түсіну керек. Инфрақұрылымымыз мықты болсын, бір уақытта екі стадион, түрлі іс-шара өткізе алатындай болайық. Сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге полиция жеткілікті болу керек. «Реал» келгенде басқа да қиындықтар туындаған, сонда жанкүйер көп, стадионға кіреміз дейтіндер көп болды, әлемде қалай жасалатынын көргем, фан-зоналар ұйымдастырып, сол арқылы мемлекетке, қалаға, серіктестерге пайда келетінін түсіндім.
Ақыры, бұл шынымен керемет бизнес болар еді. Біз бәрін ұйымдастыруды бастадық, бірақ қауіпсіздік мәселесіндегі адам тапшылығына тірелдік. Қазір елімізде, мамандарымызда, инфрақұрылымымызда тапшылық бар.
Әзірге осылай. Сондықтан бізге тек өсу қажет. Өркендеу – өз қолымызда. Қазір біз танымал етуге, балалар футболын дамытуға, осындай өзекті мәселелерді талқылауға кірістік. Бұрын-соңды 20-30 жыл бұрын ешкім ойламаған тақырыптар енді күн тәртібіне шықты. Бүгін талқылап отырсақ, ертең бұл да шешіледі деп сенемін.