«Ақтөбе» бас бапкерге қатысты ресми шешім қабылдады
«Ақтөбе» футбол клубы ресейлік маман Игорь Черевченкомен ынтымақтастықты ұзартты. Ол 2027 жылғы маусымда команданы жаттықтыруды жалғастырады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, 51 жастағы бапкермен жаңа келісімшарт 2027 жылдың соңына дейін жасалды.
Сондай-ақ «Ақтөбе» алдағы чемпионатқа құрам жасақтау жоспарын айқындады. Клуб өткен маусымда команда сапында ойнаған футболшылардың басым бөлігін сақтап қалып, бірнеше позицияны жаңа ойыншылармен күшейтуді көздеп отыр.
Черевченконың жетекшілігімен маусым алдындағы дайындық желтоқсан айында басталады.
Еске салайық, ресейлік маман 2026 жылдың шілде айының соңында Штефан Тарковичтің орнына «Ақтөбені» басқарды. Бұған дейін Черевченко келісімшартының 1 қарашада аяқталғанын айтқанымен, тараптар ынтымақтастықты ұзарту жөнінде келіссөз жүргізуді жалғастырған.
2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша «Ақтөбе» Қазақстан Премьер-лигасында 30 матчта 49 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады. Чемпионаттың соңғы турында ақтөбеліктер Қостанайдың «Тобылын» 3:2 есебімен жеңіп, матч барысында есепте есе жіберіп алғанына қарамастан жеңіске жетті.