Шотландия - Марокко. Онлайн көру
Шотландия - Марокко матчын қайдан көруге болады
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
20 маусымға қараған түні 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының екінші туры аясында Шотландия мен Марокко құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Шотландия турнирдегі алғашқы ойынында Гаитиді 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз голды 28-минутта Джон Макгинн соғып, командасына маңызды үш ұпай сыйлады.
- Матчтың барлық жарқын сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz! арнасында қолжетімді
Ал Марокко құрамасы алғашқы турда әлем чемпионатының басты сенсацияларының бірін тіркеп, Бразилиямен 1:1 есебімен тең түсті.
Шотландия - Марокко матчы Астана уақытымен сағат 03:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.