locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бірінші турдан кейін ӘЧ-2026 жеңімпазына үміткер құрамалардың мүмкіндігі белгілі болды

Суперкомпьютер бірінші турдан кейін ӘЧ-2026-ның басты фаворитін анықтады
Бірінші турдан кейін ӘЧ-2026 жеңімпазына үміткер құрамалардың мүмкіндігі белгілі болды
ФОТО: Getty images

Opta статистикалық платформасының суперкомпьютері топтық кезеңнің алғашқы турында өткен матчтардан кейін 2026 жылғы әлем чемпионатының басты фавориттерін атады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жаңартылған болжам бойынша турнирдің басты фавориті - Франция құрамасы. Дидье Дешам шәкірттерінің әлем чемпионы атану мүмкіндігі 15,7 пайызға бағаланған.

ФОТО: Getty images

Екінші орынға Англия мен Аргентина құрамалары жайғасты. Екі команданың да титул жеңіп алу ықтималдығы 12,3 пайызды құрайды.

Әлем чемпионаты басталар алдында басты фаворит саналған Испания құрамасы бұл рейтингте төртінші орынға түсіп қалды. Испандар алғашқы турда Кабо-Вердемен 0:0 есебімен тең ойнап, жеңіске жете алмады. Қазір олардың чемпион атану мүмкіндігі 12,1 пайыз деп бағалануда.

Үздік ондыққа сондай-ақ Германия (6,4%), Португалия (5,9%), Бразилия (5,4%), Норвегия (4,7%), Нидерланд (3,1%) және Колумбия (2,8%) құрамалары енді.

Франция құрамасы әлем чемпионатын сенімді жеңіспен бастады. Алғашқы турда француздар Сенегалды 3:1 есебімен жеңді. Матчтың басты қаһарманы Килиан Мбаппе болды - ол дубль авторы атанса, тағы бір голды Брэдли Баркола соқты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie