locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Андрей Мартин «Ордабасыдағы» болашағы туралы пікір білдірді

Барлық шешім Қазақстан кубогының финалынан кейін қабылданады
Футбол
ФОТО: kazfootball.kz

«Ордабасы» бас бапкері Андрей Мартин Шымкент клубындағы болашағы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz Moldfootball.com-ға сілтеме жасап.

Молдалық маманның айтуынша, шешім Қазақстан кубогының финалынан кейін қабылданады.

«Әзірге түсініктеме бере алмаймын, бұл туралы басқа ештеңе қоса алмаймын. Менің клубпен келісімшартым 30 қарашаға дейін күшінде. Болашағымызға қатысты барлық шешімді тек Кубок финалынан кейін қабылдаймыз.

Келісімшартты ұзарту нұсқасы да, мансапта жаңа кезең бастау мүмкіндігі де бар — бәрі клубпен келіссөздердің қорытындысына байланысты болады», — деп Мартиннің сөзін келтіреді басылым.

Бұған дейін «Астана» бас бапкері Григорий Бабаянның «Ордабасы» командасын басқаруы мүмкін екені хабарланған еді.

Еске салайық, Шымкент клубы Мартиннің жетекшілігімен Қазақстан чемпионы атанды. Алайда оның «Ордабасымен» келісімшарты жыл соңында аяқталады және әзірге молдалық маманмен ынтымақтастықты жалғастыру туралы ақпарат түскен жоқ.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie