Алмат Бекбаев ҚПЛ-дағы «Ордабасы» табысының сырын ашты
Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев шымкенттік «Ордабасының» Қазақстан Премьер-лигасындағы жетістігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz
Еске сала кетейік, Шымкент клубы Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды. «Ордабасы» бұған дейін Қазақстан чемпионатының алтын жүлдесін 2023 жылы жеңіп алған еді.
««Ордабасы» — маусымның үздік командасы. Бірінші айналымнан кейін команда сапын мықты ойыншылармен күшейте алды. Берн Йонсен мен Леонардо Натэл ұжымның ойынын айтарлықтай күшейтіп, команданың маусымды бірінші орында сенімді аяқтауына серпін берді», — деді Алмат Бекбаев.
Сарапшы шымкенттік клубтың келесі маусымда УЕФА Чемпиондар лигасына қатысу мүмкіндігі туралы да өз пікірін білдірді.
«Әзірге бұл құрам Конференциялар лигасы немесе Еуропа лигасының топтық кезеңіне қатысуға көбірек лайық. Егер тағы үш-төрт сапалы ойыншы алса, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне таласуға болады деп ойлаймын», — деп қосты ол.
Алмат Бекбаев «Ордабасы» қақпашысы Бекхан Шайзаданың сенімді ойынына да баға берді.
«Әрине, айналаңда осындай шеберлер мен жақсы орындаушылар болса, ойнау әлдеқайда жайлырақ. Пас сапасы мен қақпашыға сенім беретін тұрақтылық бар. Шайзаданың 12 матчта қақпасын голдан аман сақтағанына назар аудардым. Бұл, бәлкім, оның жеке рекорды шығар», — деп түйіндеді Алмат Бекбаев.
Айта кетейік, «Ордабасы» осы маусымда тағы бір жүлдеге қол жеткізу мүмкіндігін сақтап отыр. 7 қараша күні «Түркістан Аренада» Андрей Мартин шәкірттері Қазақстан кубогының финалында қызылордалық «Қайсарға» қарсы ойнайды.