Таңғаларлық! Роналду 15 минут ішінде хет-трик жасады
«Аль-Наср» клубының жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд лигасындағы «Аль-Холудқа» қарсы матчта хет-трик жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Аты аңызға айналған португалиялық футболшы екінші таймның 15 минуты ішінде хет-трик жасады. Алғашқы екі голда Криштиануға Жоау Феликс ассистенттік етті, ал үшінші рет КриРо Садио Маненің пасын дәл соққымен аяқтады.
Айта кетейік, енді португалиялық жұлдыздың кәсіби мансабындағы голдар саны 985-ке жетті. Криштиануға 1000 гол межесіне жету үшін 15 дәл соққы жасау қалды.
Бұған дейін Роналдудың мансабындағы жалпы табысы ресми түрде екі миллиард доллардан асқан тарихтағы алғашқы футболшы болғанын хабарлаған едік. 41 жастағы ардагер әлемдегі ең жоғары жалақы алатын ойыншы мәртебесін басты бәсекелестерінен орасан зор басымдықпен сақтап келеді.