«Ордабасы» чемпиондық мерекеге дайындалуда: марапаттау күні мен егжей-тегжейі белгілі болды
Шымкенттік «Ордабасы» тарихындағы екінші чемпиондық атағын жеңіп алғаннан кейін салтанатты марапаттау рәсіміне дайындалуда, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Серый CARDINAL» Telegram-арнасының мәліметінше, алтын медальдар мен чемпиондық трофейді тапсыру рәсімі алдын ала 8 қарашаға жоспарланған.
Мерекелік шара Шымкентте өтеді деп күтілуде. Алайда салтанатты рәсімнің өтетін орны әзірге түпкілікті анықталған жоқ.
Ықтимал нұсқалардың қатарында футбол стадионы, қаланың орталық алаңы және жабық нысандардың бірі қарастырылып жатыр. Мерекелеу форматына қатысты соңғы шешімді клуб басшылығы қабылдауы тиіс.
Еске сала кетейік, 25 қазанда басты бәсекелесі — алматылық «Қайрат» ұпай жоғалтқаннан кейін, «Ордабасы» чемпиондық атағын мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.
Шымкенттік команда үшін бұл — Қазақстан чемпионатындағы екінші алтын. Клуб алғаш рет елдің үздігі атанған 2023 жылы.