locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы алдындағы жолдастық матчты ерекше форматта өткізеді

Ұлттық құрама жастар құрамасына қарсы ойнайды
Футбол
ФОТО: t.me/eldaramanvibe

Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасындағы матчтар алдында жастар құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Журналист Елдар Аманбаевтың мәліметінше, 8 қарашада Түркістанда Джон ван ’т Схип шәкірттері жастар құрамасымен кездеседі. Ойын жабық режимде өтеді.

Одан кейін Қазақстан құрамасын Ұлттар лигасындағы екі матч күтіп тұр. 13 қарашада ұлттық құрама сырт алаңда Молдоваға қарсы ойнайды. Ал 16 қарашада Қазақстан Астанада Словакиямен кездеседі.

Ұлттар лигасының C дивизионындағы 3-топта төрт матч өткізгеннен кейін ван ’т Схип командасы төрт ұпаймен үшінші орында тұр.

Қазақстан U21 құрамасына келер болсақ, Владимир Чебурин шәкірттері жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу қорытындысы бойынша соңғы орынға ие болды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie