Ресми. Александр Заруцкий Қайрат ойыншысы атанды
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: ФК Кайрат
Александр Заруцкий енді "Қайрат" намысын қорғайды
Бұл туралы "Қайрат" футбол клубы ресми хабарлады.
31 жастағы қақпашымен келісімшарт 2025 жылдың соңына дейін жасалған.
Александр – қарағандылық "Шахтёр" түлегі. Мансабында "Қызылжар", "Атырау", "Ертіс", "Қайсар" сынды клубтарда өнер көрсетті.
Заруцкий соңғы төрт маусымда "Астана" сапында ойнады. 54 матч өткізіп, 40 гол жіберіп алды, ал 24 ойында қақпасына гол дарытпаған.
Өткен жазда Александр Қазақстан құрамасының сапында Әзірбайжанға қарсы ойында дебют жасады.
Заруцкийдің Қайратпен келісімшартқа отыру үшін Алматыға келгені жазылған болатын.