locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтады

Футбол 26 нау 2025 07:41
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Станислав Черчесов Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтады
ФОТО: KFF

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов ұлттық команданың Лихтенштейнге қарсы (2:0) жеңісіне орай өзінің ресми Instagram парақшасында қазақ және орыс тілдерінде жазба жариялап, футболшылар мен жанкүйерлерді құттықтады.

«Қазақ ұлттық құрамасының жеңісі құтты болсын! Бұл жеңіс көпшілік күткендей болса да, оның құндылығы ешбір кемімейді — кәсіби футболдың әлемінде алдын-ала белгіленген нәтиже деген болмайды. Бұл жетістік жас құраманың қалыптасу жолында маңызды қадам болып, ойыншылардың бойына сенімділік ұялатады деп сенемін. Жалыңды жанкүйерлер өз алаңымызда өтетін келесі матчтарда команданы жігерлендіріп қолдайтынына күмәнім жоқ! 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің қалған ойындарында құрамамызға сәттілік серік болсын!»

Бұл жеңіс — Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына іріктеудегі соңғы 12 жылдағы алғашқы жеңісі. Бұған дейінгі жеңіс 2012 жылы тіркелген.

Станислав Черчесов 2024 жылы ұлттық құраманың тізгінін ұстады. Алайд, оның басшылығымен команда Ұлттар Лигасының В дивизионынан ұшып кетіп, алты ойынның бірде-бірінде жеңіске жете алмай, бірде-бір гол соқпады. Осы сәтсіз сериядан кейін ол қызметінен кеткен болатын.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie