locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Солтүстік Македония құрамасының ойыншысы Қазақстанмен ойын туралы ойымен бөлісті

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Солтүстік Македония құрамасының ойыншысы Қазақстанмен ойын туралы ойымен бөлісті
ФОТО: Getty images

Солтүстік Македония құрамасының және «Торино» клубының жартылай қорғаушысы Элиф Элмас 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясындағы алдағы ойындар туралы пікір білдірді.

«Қазір ең маңыздысы - демалып, күш жинау. Алдымызда Бельгия мен Қазақстанға қарсы өте маңызды екі матч тұр. Бұл кездесулерге толық зейінмен, сабырмен келуіміз керек. Тек сонда ғана оң нәтижеге қол жеткізе аламыз»,— деді Элмас Slobodenpecat.mk басылымына берген сұқбатында.

Іріктеудің екінші турында Солтүстік Македония құрамасы Уэльспен сырт алаңда 1:1 есебімен тең түсті. 91 минутта Боян Миовски есеп ашқанымен, 96 минутта Дэвид Брукс таразы басын теңестіріп кетті.

Қазір J тобының турнирлік кестесінде Солтүстік Македония мен Уэльс 4 ұпаймен көш бастап тұр. Қазақстан 3 ұпаймен үшінші орында, Лихтенштейн әзірге ұпай жинаған жоқ.

9 маусым 2025 жылы іріктеудің үшінші турында Қазақстан өз алаңында Солтүстік Македонияны қабылдайды. Бұл ойын екі команда үшін де маңызды болмақ.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie