locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайраттың» жас қақпашысы Қалмырза «Реалдың» аңызының рекордын жаңартты

Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасында тарихқа енді
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Қайраттың» жас қақпашысы Қалмырза «Реалдың» аңызының рекордын жаңартты
ФОТО: Қайрат ФК

Алматылық «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмырза Лиссабонда өтетін «Спортингке» қарсы ойында негізгі құрамға ілікті, осы көрсеткіш арқылы ол Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас қақпашылардың үштігіне енді.

Қалмырза дебют жасаған сәтте небәрі 18 жас 3 ай ғана толған. Осы көрсеткішпен ол әйгілі Икер Касильясты басып озды. Испан қақпашысы алғаш рет ЧЛ-де 18 жас 3 ай 26 күнінде ойнаған болатын. Тарихта Қалмырзадан жас қақпашылар тек Мартен Вандевордт («Генк», 17 жас 9 ай 14 күн) пен Миле Свилар («Бенфика», 18 жас 1 ай 21 күн) ғана болған.

Айта кету керек, Шерхан Қалмырза – «Қайраттағы» үшінші қақпашы. Алайда Александр Заруцкий мен Анарбеков жарақат алып қалғандықтан, негізгі сенім дәл осы жас ойыншыға артылды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie