locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайраттың» бұрынғы бапкері қазақстандық клубқа Чемпиондар лигасындағы «Омониямен» ойында жеңіске жету жолын көрсетті

Қазақстандық тәжірибелі маман «Қайрат» пен «Омония» арасындағы қарымта матчқа болжам жасады
Эксклюзивтер
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: Қайрат ФК

Қазақстан футболының белгілі маманы, әртүрлі ҚПЛ клубтарын басқарған Владимир Никитенко Sports24.kz сайтына эксклюзивті сұхбат беріп, сырт алаңда «Омониядан» 0:1 есебімен жеңілгеннен кейін, алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өту мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

Бәлкім, негізгі уақытта емес, бірақ «Қайрат» өтеді

«1:0 – бұл апаттық есеп емес. Біріншіден, осыны айту керек. Екіншіден, «Омония» – мықты команда, бірақ олар мұнда (Алматыда) әлдеқайда нашар ойнайды: уақыт белдеулері сәйкес келмейді, жолда шаршайды, бейімделуге уақыт керек – осының бәрі әсер етуі мүмкін. Менің ойымша, олар нашар ойнайды. «Қайрат» керісінше, (Кипрдегі ойынына қарағанда) жақсырақ өнер көрсетеді деп сенемін. Өтуге барлық мүмкіндік бар, сондықтан мен «Қайратқа» сенемін. Бірақ ойын өте тартысты өтеді, бәлкім, минималды есеппен жеңіске жетеді. Мүмкін, екі ойын қорытындысы бойынша тең есеп тіркеліп, пенальти сериясы болар, өйткені «Омония» да мықты команда. Дегенмен, мен «Қайратқа» сенемін», - деді Никитенко.

Дөрекі қателіктен жеңілді

Сарапшы алғашқы ойында алматылықтарға не жетіспегенін де атап өтті. «Омония» ойыншысы алаңнан қуылған соң 60 минут бойы сан басымдығына қарамастан, «Қайрат» нәтиже шығара алмады.

«Менің ойымша, ойын тең дәрежеде өтті. «Қайраттың» айып алаңында өрескел қателік болды, қарсылас команда допты жақсы тартып алады, сол сәтте де тартып алып, гол соқты. Бар болғаны осы. «Омония» ойыншысы алаңнан қуылғаннан кейін «Қайраттың» басымдығы табиғи нәрсе, бірақ оған дейін ойын тең болды», - деп түйіндеді Никитенко.

Бірінші матч қалай өтті

Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының 2026/27 маусымындағы екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында «Қайрат» Кипрдің «Омония» клубынан 0:1 есебімен жеңілді. Жалғыз голды алаң иелерінен Панайотис Андреу 13-минутта соқты. Ойынның көп бөлігінде (бір жарым тайм) «Қайрат» сан басымдығында ойнады, алайда жеңілістен құтыла алмады.

ФОТО: ФК Қайрат
Бағдат Асылбек
Бағдат Асылбек
Репортер
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie