locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

УЕФА ФИФА бастамасына қатаң жауап берді: Чеферин ультиматум қоя ма?

УЕФА енді ФИФА мен оның жақтастарының байуына жол бере алмайды
УЕФА ФИФА бастамасына қатаң жауап берді: Чеферин ультиматум қоя ма?
ФОТО: Getty Images

УЕФА ФИФА-ның әлем чемпионатын басқару құқығының бір бөлігін жекеменшік қолға беру туралы бастамасына қатысты кезекті баспасөз релизін жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Соңғы мәлімдемеде әлемдік футболдың басты органы ФИФА-ның футбол есебінен байуына енді жол берілмейтінін айтып, батыл қадамдарға бару қажет екенін мәлімдеді:

«Бүгін біз ФИФА ұлттық қауымдастықтарға өз ұсыныстарын қолдауға соңғы мерзім қойғанын, әйтпесе бір реттік төлем туралы ұсыныстың қайтарылып алынатынын білдік. Бұл жоспар туралы білуге қажетті барлық жайтты көрсетеді.

Футбол қауымдастығының көптеген өкілдерімен талқылау нәтижесінде УЕФА ФИФА бастамасына қарсылықтың айтарлықтай екенін және ол әрі қарай өсіп келе жатқанын анықтады. ФИФА енді спорт түрімізді өз пайдасы мен достарының мүддесі үшін пайдалана алмайды.

Біз футболды дұрыс жолмен дамыта аламыз. Енді қауымдастықтар, клубтар, лигалар, ойыншылар және жанкүйерлердің мүддесін бірінші орынға қою уақыты келді».

Мәлімдемеде УЕФА-ның алдағы іс-қимылы нақты көрсетілмеген, алайда бұған дейін БАҚ-та еуропалық федерациялардың ФИФА-ның әлем чемпионатын жекеменшік қолға беру идеясынан бас тартпаса, ұйым турнирлерін бойкоттауға ниетті екені туралы ақпарат тараған болатын.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie