Әлем чемпионы болған қазақстандық спортшы төрт жылға шеттетілді: не болды?
Халықаралық тестілеу агенттігі қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Айдын Толепбаевтың төрт жылға спорттан шеттетілгенін хабарлады, деп жазады Sports24.kz.
Осылайша қатаң жазаға себеп — GAMMA 2024 әлем чемпионаты барысында, Индонезияның Бантен қаласында өткен допинг-сынақ кезінде Толепбаевтың ағзасынан мельдоний табылғаны болды. 2025 жылдың наурыз айынан бастап Толепбаев тергеу кезеңінде шеттетілген еді.
Өзі спортшы антидопингтік хаттамасына қарсылық білдірмеген, алайда бәрібір төрт жылға шеттету жазасын алды. Бұл мерзім 2025 жылдың 3 наурызынан 2029 жылдың 2 наурызына дейін есептеледі.
Сонымен қатар, Толепбаевтың 2024 жылдың 14 желтоқсанынан бастап 2025 жылдың 3 наурызына дейінгі барлық нәтижелері жойылды. Оның ішінде, ол чемпион атанған GAMMA 2024 әлем чемпионатындағы барлық нәтижелер де аннулирланды.
Бұл шешім түпкілікті емес, өйткені спортшы оны Лозаннадағы Спорттық төрелік сотына шағымдану құқығына ие.
Айта кетейік, Толепбаев – ММА бойынша Қазақстан және Азия чемпионы. Айта кету керек, дәл осы мельдоний «Челси» футболшысы Михаил Мудриктің ағзасынан да анықталған болатын, бірақ футболшының шеттету мерзімі төрт жылдан бір жарым жылға дейін қысқартылды.