locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайрат» – «Панатинаикос»: Уразбахтин негізгі құрамды атады

Конференциялар лигасының Алматыдағы матчы 19:30-да басталады
Футбол
«Қайрат» – «Панатинаикос»: Уразбахтин негізгі құрамды атады
ФОТО: ФК «Кайрат»

22 қазан қазан күні алматылық «Қайрат» УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі жолын жалғастырады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Рафаэль Уразбахтин шәкірттері Конференциялар лигасының екінші туры аясындағы матчта өз алаңында грек клубы «Панатинаикосты» қабылдайды.

«Қайрат» – «Панатинаикос» матчының тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Қазақстандық команданың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин де қарсыласы секілді Алматыдағы матчқа шығатын негізгі құрамды жариялады.

«Қайрат»: Анарбеков, Мата, Байбек, Мартынович, Тапалов, Оксанен, Мендонса, Туякбаев, Гуаль, Мрынский, Эдмилсон.

«Панатинаикос»: Пенья, Цапрас, де Врей, Палмер-Браун, Кирьякопулос, Таборда, Камара, Луза, Андино, Тетте, Дессерс.

Айта кетейік, турнирдің жалпы кезеңінде «Қайрат» италиялық «Аталантамен», Крайовадан келген румыниялық «Университатеймен», нидерландтық «Твентемен» және швециялық «Мьельбюмен» де кездеседі.

Бірінші турда алматылық команда латвиялық «Ригамен» тең ойнады (1:1).

Екінші матч қарсаңында Рафаэль Уразбахтин шәкірттері Конференциялар лигасының жалпы кезеңі турнир кестесінде 15-орында тұр.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie