Теренс Атман Almaty Open турнирінің ширек финалына жігерлі жеңіспен шықты
Франциялық теннисші Теренс Атман Алматыда өтіп жатқан ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sports24.kz
Кездесу француз спортшысының пайдасына 6:7 (4:7), 7:6 (7:2), 7:6 (7:5) есебімен аяқталды.
Матч аса тартысты өтті: жеңімпазды анықтау үшін үш тай-брейк қажет болды. Бірінші сетте Беллуччи шешуші сәтте дәлірек ойнап, тай-брейкті 7:4 есебімен жеңіп, есепте алға шықты.
Алайда Атман матч барысын өзгерте алды. Екінші партияда француз тай-брейкті сенімді өткізіп, есепті теңестірсе, шешуші сетте де ойынның соңғы бөлігінде сабырлылық танытты.
Осылайша, Теренс Атман бірінші сеттегі жеңілістен кейін камбэк жасап, Almaty Open турнирінің ширек финалына жолдама алды. Француз теннисшісі жартылай финалға шығу үшін турнирлік кестедегі келесі қарсыласымен кездеседі.
Тек Beeline клиенттері Қазақстан бойынша Direct to Mobile технологиясының арқасында Starlink спутниктерімен жұмыс істейтін алғашқы ғарыштық мобильді байланысқа ие болады.