locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина қарсыласы матчтан бас тартқаннан кейін Нинбодағы турнирдің келесі кезеңіне өтті

Әлемнің бірінші ракеткасының қарсыласы бірінші сетте есеп 0:5 болғанда ойынды жалғастыра алмады
Теннис
Рыбакина қарсыласы матчтан бас тартқаннан кейін Нинбодағы турнирдің келесі кезеңіне өтті
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдегі алғашқы кездесуін сәтті бастады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған Рыбакина турнирді екінші кезеңнен бастады. Оның қарсыласы әлемнің 105-ракеткасы Полина Кудерметова болды. Қазақстандық теннисші алғашқы бес геймді жеңіп, есепте сенімді түрде алға шықты.

Есеп 3:0 болған кезде Өзбекстан өкілі физиотерапевтті шақырды, ал біраз уақыттан кейін кездесуді жалғастыра алмады. Матчтан бас тартар алдында Кудерметова жылап жіберді.

Кездесу барысында Елена бір эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және өзіне берілген тоғыз брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

23 қазанда өтетін ширек финалда қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 128-орында тұрған польшалық Катажина Кавамен кездеседі.

Ол бұған дейін 14-нөмірмен тіркелген швейцариялық Белинда Бенчичті 7:5, 6:2 есебімен жеңген.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie