«Қайрат» Конференциялар лигасындағы қарсыластарын біледі: жеребе тарту рәсімін LIVE көріңіз
Бүгін, 28 тамызда, Монакода УЕФА Конференциялар лигасының негізгі кезеңіне жеребе тартылады. Қазақстандық жанкүйерлер үшін басты қызығушылық — бельгиялық «Андерлехттен» жеңілгеннен кейін еурокубоктағы жолын дәл осы турнирде жалғастыратын «Қайрат», деп хабарлайды Sports24.kz.
«Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде «Андерлехтке» екі матчтың қорытындысы бойынша 0:6 есебімен жол берді. Алматыдағы алғашқы кездесуде бельгиялық клуб 3:0 есебімен жеңсе, Брюссельдегі жауапты ойында да осы нәтижені қайталады. Қарсыластықта жеңілгеніне қарамастан, алматылықтар Конференциялар лигасының негізгі кезеңінен орын алды.
Конференциялар лигасының негізгі кезеңіне 36 команда қатысады. Олар алты себетке бөлініп, әр клуб әр себеттен, соның ішінде өз себетінен де бір-бір қарсыластан алады. Осылайша, «Қайрат» турнирдің негізгі кезеңінде алты матч өткізеді.
The six pots for the #UECLdraw are confirmed 🙌 pic.twitter.com/CDyNNNoY2G
— UEFA Conference League (@Conf_League) August 27, 2026
Алматылық команда үшін бұл Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу кезеңдеріндегі ойындардан кейінгі еурокубоктағы жолының жалғасы болмақ. Енді клубты еурокубок маусымының жаңа кезеңі күтіп тұр, ал жеребе қазақстандық чемпионның күзде кімдермен кездесетінін анықтайды.
Жеребе тарту рәсімі Қазақстан уақытымен 16:30-да басталады. Трансляцияны УЕФА-ның ресми сайтынан көруге болады.