«Қайрат» Брюссельге «Андерлехтпен» ойынға келді
«Қайрат» Брюссельге Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі қарымта матч үшін «Андерлехтке» келді, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
Қазақстандық футболшылар Бельгия жеріне табан тіреді. Алматы клубының баспасөз қызметі ойыншылар, бапкерлік штаб және делегация мүшелерінің Брюссель халықаралық әуежайындағы суреттерін жариялады.
«Сәлем, Брюссель!» — деп жазды олар француз тілінде.
Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері, қарсыластары секілді, жолда шамамен сегіз сағат өткізіп, бес жарым мың шақырымнан астам қашықтықты артқа тастады.
Естеріңізге сала кетейік, «Андерлехт» пен «Қайрат» арасындағы қарымта кездесу 27 тамыз күні Астана уақыты бойынша 23:45-те Брюссель маңындағы Лотто Парк стадионында өтеді. Алматыдағы Орталық стадионда өткен алғашқы матчта қонақтар 3:0 есебімен сенімді жеңіске жеткен болатын.
Бұл жұптың жеңімпазы Еуропа лигасының негізгі кезеңіне өтеді, ал жеңілген команда Конференциялар лигасының дәл сол кезеңінде жолын жалғастырады.