«Қайрат» - «Андерлехт». Онлайн көру
20 тамызда «Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчта «Андерлехтпен» кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Рафаэль Уразбахтин шәкірттері биылғы еурокубок маусымын Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен бастады. Алматылықтар алдымен черногориялық «Сутьесканы» екі матч қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңіп өтті.
Келесі кезеңде «Қайрат» кипрлік «Омониямен» кездесті. Екі ойыннан кейін жеңімпаз анықталмай, жолдама тағдыры пенальти сериясында шешілді. Онда қазақстандық клуб 6:5 есебімен басым түсті.
Одан кейін алматылық команда болгариялық «Левскиге» екі матч қорытындысы бойынша 0:2 есебімен жол беріп, еурокубоктағы жорығын Еуропа лигасында жалғастырды.
- Матчтың барлық жарқын сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz арнасында қолжетімді.
«Андерлехт» те іріктеудің екі кезеңінен сүрінбей өтті. Бельгиялық клуб алдымен швециялық «Хаммарбюді» екі матч қорытындысы бойынша 4:2 есебімен жеңсе, кейін дәл осындай жалпы есеппен гректің ПАОК клубынан басым түсті.
Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Матч Астана уақытымен 20:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
«Қайрат» пен «Андерлехт» арасындағы текетірестің жеңімпазы Еуропа лигасының негізгі кезеңіне жолдама алады. Қарымта матч 27 тамызда Брюссельде өтеді.