locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бір минутта екі шайба: «Барыс» сырт алаңда «Тракторға» есе жіберді

Қонақтар үшінші кезеңде екі жылдам гол өткізіп алды
Хоккей
Бір минутта екі шайба: «Барыс» сырт алаңда «Тракторға» жол берді
ФОТО: ХК «Барыс»

Сәрсенбі, 4 қарашада, Астананың «Барысы» құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясындағы матчта Челябінің «Трактор» командасына қонаққа барды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесудің басында бастама көбіне «Трактор» хоккейшілерінің қолында болды. Олар Андрей Шутов қорғаған қақпаға 17 рет дәл соққы бағыттады. Алайда бірінші кезең голсыз аяқталды. Екінші жиырма минутта да есеп өзгерген жоқ.

Шешуші сәт соңғы кезеңде туды. Алдымен Нэйтан Легаре қақпаны ыңғайсыз жақтан бағыттаған соққысымен дәл көздесе, біраз уақыттан кейін Андрей Светлаков сан басымдығын пайдаланып, челябіліктердің басымдығын арттырды.

Астаналықтар Мэйсон Мореллидің «беске қарсы үш» форматындағы ойында соққан голының арқасында айырманы қысқартты. Қалған уақытта «Барыс» қарсыласының қақпасына жаппай шабуыл ұйымдастырғанымен, есепті теңестіріп, кездесуді овертаймға жеткізе алмады.

6 қарашада Михаил Кравец шәкірттері сырт алаңдағы серия аясындағы келесі матчын өткізеді. Астаналықтардың қарсыласы Владивостоктың «Адмиралы» болады.

«Трактор» – «Барыс» 2:1 (0:0, 0:0, 2:1)

1:0 – 45:11 – Легаре (Рольгизер);

2:0 – 46:03 – Светлаков (Григоренко, Дронов);

2:1 – 55:58 – Морелли (Приски, Бэйли).

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie