Қазақстан құрамасының қақпашысы ҚХЛ матчында шайба соқты
Владивостоктың «Адмиралы» сапындағы қазақстандық қақпашы Никита Бояркин Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында СКА-ға қарсы өткен матчта ерекше жетістікке жетті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу 4 қарашада Владивостоктағы «Фетисов-Аренада» өтіп, алаң иелерінің 4:0 есебіндегі сенімді жеңісімен аяқталды. Бояркин қақпасына гол жібермей қана қоймай, матчтың соңғы есебін өзі белгіледі.
54-минутта Санкт-Петербург командасы есепті қысқартуға тырысып, қақпашысын алтыншы алаң ойыншысымен алмастырған кезде, қазақстандық қақпашы шайбаны бүкіл алаң арқылы қарсыластың бос қақпасына дәл бағыттады. Осылайша, Бояркин өз шотына кем құрамда соғылған голды жазды.
Айта кетейік, «Адмирал» келесі матчын 6 қарашада елордалық «Барысқа» қарсы өткізеді.
Никита Бояркин — қазақстандық хоккей қақпашысы, Қарағанды хоккей мектебінің түлегі. 2021 жылдан 2026 жылға дейін елордалық «Барыс» сапында өнер көрсетіп, ҚХЛ аясында 100 матч өткізді. 2026 жылы Владивостоктың «Адмиралына» ауысып, команда сапында 13 кездесу өткізді.
Бояркин Қазақстан құрамасына да тұрақты түрде шақырылады. Ол 2021, 2023, 2024 және 2026 жылдардағы әлем чемпионаттарында өнер көрсетті. Ұлттық құрама сапында барлығы 16 матч өткізіп, жеті жеңіске жеткен.