locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Трактор» - «Барыс»: Кравец құрамды жариялады

Челябіде өтетін матчтың алғашқы ысқырығы Астана уақытымен 16:00-де естіледі
Хоккей
«Трактор» - «Барыс»: Кравец құрамды жариялады
ФОТО: ХК «Барыс»

4 қарашада ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында матч өтеді. Бұл ойында астаналық «Барыс» сырт алаңдағы сериясын Челябіден келген «Тракторға» қарсы кездесумен жалғастырады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.

«Трактор» — «Барыс»: ҚХЛ матчын онлайн көру. LIVE-трансляция

Астаналық команданың бас бапкері Михаил Кравец ойынға қатысатын құрамды жариялады.

«Барыстың» құрамы:

Шутов (Шепард);

Симонов - Морелли - Томпсон, Масси - Дэй;

Саркенов - Пилон - Бэйли, Маккошен - Данияр;

Омирбеков - Шестаков - Қайыржан, Бритиков - Приски;

Савицкий - Шайхмедденов - Асетов, Логвин - Оразов.

21 матчтан кейін «Барыс» 25 ұпай жинады. «Трактор» дәл осынша ойыннан соң 19 ұпайға ие.

Қазақстандық клуб бұл кездесуге сырт алаңда қатарынан екі жеңіске жеткен күйде келіп отыр. Михаил Кравец шәкірттері алдыңғы матчта «Шанхай айдаһарларын» 4:2 есебімен жеңсе, оған дейін минскілік «Динамоны» 1:0 есебімен тізе бүктірген.

Ал «Трактор» қатарынан үш рет жеңіліс тапты. Челябі командасы мәскеулік ЦСКА-ға екі рет есе жіберді (1:5 және овертаймда 2:3), сондай-ақ минскілік «Динамодан» (2:3) жеңілді.

Командалар ҚХЛ аясында соңғы рет 2025 жылғы 23 желтоқсанда Астанада кездесті. Сол жолы «Трактор» 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie