Челябинскідегі жеңілістен кейін «Барыстың» ҚХЛ-дағы турнирлік жағдайы
Астаналық команда Шығыс конференциясында үшінші орында қалып отыр
Хоккей
ФОТО: ХК «Барыс»
«Барыс» челябілік «Тракторға» минималды есеппен есе жіберді. Челябинскіде өткен матч 2:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Астаналық команда үшінші кезеңде бір минут ішінде екі шайба жіберіп алды. Кездесу соңына қарай бір шайбаның қарымтасын қайтарды, алайда ойынды овертаймға жеткізе алмады.
Осы кездесуден кейін Михаил Кравецтің командасы 25 ұпай жинап, Шығыс конференциясының үшінші сатысында қалды. Шығыста 36 ұпаймен «Металлург» көш бастап тұр, екінші орында — «Нефтехимик» (29 ұпай).
«Трактор» 21 ұпаймен Шығыс конференциясындағы соңғы, 11-орында қалды.
Жұма, 6 қарашада Кравецтің командасы Владивостокта жергілікті «Адмиралға» қарсы ойнайды.
