2026/27 жылғы Конференция лигасының негізгі кезеңіне қатысатын барлық команда анықталды
2026/27 жылғы УЕФА Конференция лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсететін барлық 36 клуб анықталды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Алдағы маусым турнирдің жаңартылған форматтағы үшінші жарысы болмақ. Негізгі кезеңде 36 команда бақ сынайды. Олардың 24-і іріктеу кезеңдері мен плей-офф раунды арқылы жолдама алса, тағы 12 клуб Еуропа лигасынан ауысты.
2026/27 жылғы маусымда турнирге 30 ұлттық қауымдастықтың өкілдері қатысады. Андорра үшін бұл тарихи дебют болмақ — «Интер» Эскальдес УЕФА ұйымдастыратын еурокубоктардың бірінің негізгі кезеңінде алғаш рет ойнайды.
Қазақстанның намысын бұл кезеңде алматылық «Қайрат» қорғайды. Команда Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде бельгиялық «Андерлехттен» жеңілгеннен кейін еурокубоктағы жолын Конференция лигасында жалғастырады.
Конференция лигасының негізгі кезеңіне қатысатын командалардың толық тізімі:
- Англия: «Брайтон»
- Италия: «Аталанта»
- Испания: «Хетафе»
- Германия: «Фрайбург»
- Франция: «Монако»
- Португалия: «Брага»
- Нидерланд: «Аякс», «Твенте»
- Бельгия: «Гент», «Сент-Трюйден»
- Түркия: «Трабзонспор»
- Чехия: «Яблонец»
- Грекия: «Панатинаикос»
- Дания: «Орхус», «Копенгаген», «Митьюлланд», «Нордшелланд»
- Норвегия: «Бранн»
- Кипр: «Пафос»
- Швейцария: «Лугано», «Тун»
- Шотландия: «Хартс»
- Швеция: «Мьельбю»
- Хорватия: «Хайдук»
- Сербия: «Црвена Звезда»
- Румыния: Крайова қаласының «Университатясы»
- Қазақстан: «Қайрат»
- Болгария: Софияның ЦСКА командасы
- Финляндия: КуПС
- Босния және Герцеговина: «Борац»
- Латвия: «Рига»
- Албания: «Эгнатия»
- Литва: «Кауно Жальгирис»
- Гибралтар: «Линкольн Ред Импс»
- Андорра: «Интер» Эскальдес
- Грузия: «Иберия»
2026/27 жылғы Конференция лигасының негізгі кезеңіне жеребе тарту рәсімі 28 тамызда сағат 16:00-де (Қазақстан уақытымен) өтеді. Оның қорытындысы бойынша 36 клуб осы кезеңдегі қарсыластарын анықтайды.
УЕФА матчтардың нақты күндері мен басталу уақыттары көрсетілген толық күнтізбені 30 тамыздан кешіктірмей жариялауы тиіс.