locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Покатилов «Барселонамен» ойнайды: Қазақстанда Чемпиондар лигасының жеребесі жоғары бағаланды

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев жеребе қорытындысына пікір білдірді
Эксклюзивтер
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Покатилов «Барселонамен» ойнайды: Қазақстанда Чемпиондар лигасының жеребесі жоғары бағаланды
ФОТО: Getty Images

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев Әзербайжанның «Сабах» клубында өнер көрсететін қазақстандық қақпашы Стас Покатилов үшін Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі жеребе қорытындысына пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Еске салайық, капитаны Қазақстан қақпашысы Стас Покатилов болып табылатын Әзербайжанның «Сабах» футбол клубы тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты.

Енді Әзербайжан клубы еурокубоктың негізгі кезеңінде «Барселона», «Арсенал», Дортмундтың «Боруссиясы», «Манчестер Юнайтед», «Наполи», «Вильярреал», «Славия» және «Викинг» командаларымен ойнайды.

«Бұл — керемет жаңалық. Әзербайжанға Еуропа футболының үздік командалары келеді. Қазақстандықтар да осы мүмкіндікті пайдаланып, Чемпиондар лигасының матчтарын көру үшін Бакуге барады деп ойлаймын. «Сабах» үшін бұл елге жаңа демеушілер тартуға және Әзербайжанның танымалдығын арттыруға тамаша мүмкіндік», — деді Алмат Бекбаев.

Бұған дейін желіде «Сабах» футболшыларының Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі жеребе қорытындысына эмоциялық реакциясы түсірілген видео пайда болған еді.

Темірбеков Самрат
Темірбеков Самрат
Журналист
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie