locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Аңызға айналған бапкер жанжалға байланысты Елеусиновке үн қатты

Данияр Елеусинов жол апатына ұшырап, қамауға алынды
Эксклюзивтер
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Аңызға айналған бапкер жанжалға байланысты Елеусиновке үн қатты
Аңызға айналған бапкер жанжалға байланысты Елеусиновке үн қатты

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бокс бапкері, спорт функционері Тұрсынғали Еділов Sports24.kz сайтына берген эксклюзивті пікірінде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусиновтің төңірегіндегі жағдайға қатысты ойын білдірді.

Еділовтің айтуынша, ол әзірге орын алған оқиғаның барлық мән-жайымен толық таныс емес.

«Даниярды қолдау керек, ол біздің ең интеллектуалды боксшымыз, Олимпиада чемпионы. Мен оның әдейі бір нәрсе жасағанына сенбеймін, иә, мүмкін, бір жерде бірдеңе болып қалды. Мүмкін, отбасылық жағдай немесе қандай да бір стресс болған шығар. Егер бұл шынымен солай болса, мен әлі күнге дейін сене алмаймын», – деді Еділов.

Сонымен қатар, Еділов егер ақпарат расталса, халыққа ашық түрде үн қатқан дұрыс болатынын атап өтті.

«Кешірім сұрау керек, жалпы, батылдық танытып, мойнына алу қажет. Егер бұл рас болса, ол ешқайда қашпайды. Сондықтан ертең бәрі белгілі болады, менің ойымша, дәл қазір батылдық көрсетіп, барша халықтан кешірім сұрау керек. Бар болғаны сол. Жағдайды түсіндіріп айт, бастысы – осы. Халық түсінеді, қалай болғанда да ол – көпшіліктің сүйіктісі, оған кезінде жанкүйер болғандар көп. Ол да ел үшін көп еңбек сіңірді. Менің ойымша, халық түсінеді», – деп түйіндеді ол.

Еділов барлық мән-жай анықталғанға дейін Елеусиновке қолдау көрсету маңызды екенін баса айтты.

Айта кетейік, 9 шілде күні таңертең полиция қызметкерлері екі жол апатына қатысқан Toyota Land Cruiser жүргізушісін ұстағаны туралы ақпарат тараған еді. Кейінірек көлікті тізгіндеген адамның Данияр Елеусинов екені анықталды. Полицияның мәліметінше, оның мас күйінде болған белгілері болған.

Бұған дейін Қазақстанның еңбек сіңірген бокс бапкері Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалған болатын.

Еділов 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының бас бапкері болды. Сол кезде біздің боксшылар екі алтын (Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ыбырайымов) және екі күміс медаль (Болат Жүмағаділов пен Мұхтархан Ділдәбеков) жеңіп алған еді.

Темірбеков Самрат
Темірбеков Самрат
Журналист
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie