locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық спортшылар 2026 жылы халықаралық жарыстарда 341 медаль жеңіп алды

Олардың еншісінде 103 алтын, 106 күміс және 132 қола жүлде бар
Басқа спорт түрлері
Қазақстандық спортшылар 2026 жылы халықаралық жарыстарда 341 медаль жеңіп алды
ФОТО: КФБ

Қазақстандық спортшылар 2026 жылдың басынан бері халықаралық жарыстарда 341 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ОКҚ брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Оның айтуынша, ұлттық құрамалардың қоржынында 103 алтын, 106 күміс және 132 қола жүлде бар. Әлем чемпионаттарында қазақстандықтар 43 рет жеңімпаз атанса, Азия чемпионаттарында 48 алтын медаль жеңіп алды.

Жылдың басты жетістіктерінің бірі — Қазақстанның ерлер арасындағы семсерлесуден шпагамен сайысу құрамасының жеңісі. Команда тарихта алғаш рет әлем чемпионатында топ жарып, әлемдік рейтингте көш бастады. Сонымен қатар қазақстандық спортшылар Азия чемпионаты мен Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Теннисші Елена Рыбакина да табысты өнер көрсетті: 2026 жылы ол әлемнің бірінші ракеткасы атанып, «Үлкен дулыға» санатындағы екі турнирде жеңіске жетті.

Жапонияның Нагоя қаласында өткен XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 84 медаль жеңіп алды: 12 алтын, 24 күміс және 48 қола. Жалпыкомандалық есепте ұлттық құрама 46 елдің арасында сегізінші орынға ие болды.

Қазақстандық спортшылар V жазғы Пара Азия ойындарында да бақ сынап, 50 жүлде жеңіп алды: 12 алтын, 16 күміс және 22 қола. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан жалпыкомандалық есепте тоғызыншы орынға тұрақтады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie