locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Хабиб Нурмагомедов ММА-ға оралу үшін ұсынылған 200 миллион доллардан бас тартты

Джейк Пол Нурмагомедовтың аралас жекпе-жекке қандай жағдайда оралуға дайын екенін сұрады.
ММА
Хабиб Нурмагомедов ММА-ға оралу үшін ұсынылған 200 миллион доллардан бас тартты
Фото: Getty Images

UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов америкалық блогер әрі боксшы Джейк Полдың кәсіби мансабын 200 миллион долларға қайта жалғастыру туралы ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Спортшылардың әңгімесі түсірілген видео 18 қарашада Джейк Полдың YouTube-арнасында жарияланды. Әңгіме шілде айында Нью-Йорктегі PFL турнирінің сахна сыртында болған.

Кездесу барысында америкалық Нурмагомедовтың аралас жекпе-жекке қандай жағдайда оралуға дайын екенін сұрады.

«Қай кезде ораласың? 200 миллион долларға ма?» — деп сұрады Пол.

«Маған не үшін оралу керек? Дәлелдейтін ештеңем жоқ. Қарсылас жоқ, тек ақша бар. Бұл мен үшін мотивация емес», — деп жауап берді Хабиб.

Нурмагомедов бас тартқан соң, Пол оны Most Valuable Promotions (MVP) промоушені аясында өнер көрсетуге көндіруге тырысты. Америкалықтың пікірінше, PFL-мен бірлесіп құрылған жаңа жобада Нурмагомедовтың қатысуы аралас жекпе-жектің дамуына елеулі ықпал ете алар еді.

Алайда UFC-дің бұрынғы чемпионы өз шешімінен қайтпады.

Нурмагомедов кәсіби мансабын 2020 жылдың қазанында UFC 254 турнирінде Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін аяқтады. Ресейлік спортшы 29 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетіп, мансабын жеңіліссіз аяқтады.

Жарыс жолын аяқтағаннан кейін Хабиб бапкерлік қызметке ден қойды. Атап айтқанда, ол Ислам Махачевті, Умар мен Усман Нурмагомедовтарды дайындауға қатысады.

Бұған дейін UFC басшысы Дэйна Уайт ресейлік файтерді октагонға оралуға бірнеше рет көндіруге тырысқанын, бірақ әрекеттерінің бәрі нәтижесіз болғанын мойындады.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie