locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Dream Team». Геннадий Головкин Өзбекстанның бокс құрамасына тәнті болды

Геннадий Головкин Өзбекстанның бокс құрамасын «арман командасы» деп атады
Бокс
«Dream Team». Геннадий Головкин Өзбекстанның бокс құрамасына тәнті болды
ФОТО: boxinguzbekistan

World Boxing президенті әрі Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин әлем кубогының финалдық кезеңі қарсаңында Өзбекстанның бокс құрамасының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ташкентке сапары барысында аты аңызға айналған қазақстандық боксшы өзбекстандық спортшылардың деңгейін жоғары бағалап, оларды 1976 жылы Монреаль Олимпиадасында өнер көрсеткен АҚШ құрамасымен салыстырды.

«Жігіттер, бүгін осында келіп, барлығыңызды жанымнан көргенде, 50 жыл бұрын өткен Монреаль Олимпиадасы есіме түсті. Сол кезде Американың 35 Олимпиада чемпионы болған. Олар нағыз «Dream Team» еді. Ал қазір «арман командасы» – сіздерсіздер! Барлығыңызды даңқ күтіп тұр!» – деді Головкин өзбекстандық спортшыларға қарата.

Айта кетейік, Головкин Өзбекстан астанасына 27 қарашада келді. Оны әуежайдан елдің спорт саласының басшылары, соның ішінде жақында World Boxing вице-президенті болып сайланған Миршохид Тиллабоев қарсы алды.

Әлем кубогының финалдық кезеңі 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтеді. Байрақты бәсекеде 30 елден келген 132 боксшы 20 салмақ дәрежесінде жүлдеге таласады. Өзбекстан атынан 18 спортшы өнер көрсетсе, Қазақстан намысын 11 боксшы қорғайды.

Турнир барысында спортшылар медальдармен қатар World Boxing рейтингтік ұпайларын да сарапқа салады. Бұл ұпайлар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының іріктеу турнирлерінде жеребе тарту кезінде ескеріледі.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie