Абылайхан Жүсіпов Әлем кубогының финалына сенімді түрде шықты
Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогының екінші кезеңінде финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sports24.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында әлем чемпионы иорданиялық Зейяд Ишаишпен қолғап түйістірді. Оның қарсыласы әлем чемпионаттарының, Азия чемпионаты мен Азия ойындарының жүлдегері саналады.
Алайда жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы айқын басымдық танытты. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Жүсіповке берді - 5:0.
Осылайша Абылайхан турнирдің финалына шығып, кем дегенде күміс медальді қамтамасыз етті.
Бұған дейін ширек финалда қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілі Шавкатжон Болтаевты да төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын.
Енді Жүсіпов Әлем кубогының алтын жүлдесі үшін шаршы алаңға шығады.