locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Абылайхан Жүсіпов Қытайдағы Әлем кубогының финалында сенімді жеңіске жетті

Жүсіпов Қазақстанға бокстан Әлем кубогының алтынын сыйлады
Абылайхан Жүсіпов Қытайдағы Әлем кубогының финалында сенімді жеңіске жетті
ФОТО: KBF

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогының чемпионы атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Жүсіпов үндістандық Дипакпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы айқын басымдық танытып, үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Абылайхан Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын медаль салды және халықаралық аренадағы жетістіктер тізімін толықтырды.

Айта кетейік, Жүсіпов - IBA нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионы және әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері. Ол бірнеше жылдан бері Қазақстан құрамасының көшбасшы боксшыларының бірі саналады.

Абылайхан финалға дейін де сенімді өнер көрсетті. Жартылай финалда ол иорданиялық Зеяд Ишаишті жеңіп, алтын медаль үшін өтетін шешуші жекпе-жекке жолдама алған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie