locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Олимпиада жүлдегері бокстан әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Оралбай турнирлік жолын 1/4 финалда аяқтады
ФОТО: Оlympic.kz

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай бокстан әлем чемпионатының ширек финалында жеңіліс тауып, жүлдесіз қалды. Чемпионат 4 қыркүйектен бері Ливерпульде өтіп жатыр.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы жартылай финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте өзбекстандық Жавохир Умматалиевке есе жіберді. Бірінші раундта жеңіс өзбек боксшысының еншісінде болды.

Екінші раундта төрешілер Умматалиевтің ұпайын шегеріп, жекпе-жекке жаңа қарқын берді. Дегенмен, үшінші раундта да басымдық Жавохирдің жағында еді.

Осылайша, Нұрбек әлем чемпионатын медальға бір қадам жетпей аяқтады.

Нұрбектің жарыстан шығып қалуы Қазақстан құрамасы үшін Ливерпульдегі әлем чемпионатындағы төртінші шығын болды. Бұған дейін турнирден Сағындық Тоғамбай, Сабыржан Аққалықов, Элина Базарова (54 келіге дейін) және Надежда Рябец (75 келіге дейін) шығып қалған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie