Қазақстан бокстан әлем чемпионатында үшінші рет ұтылды — Сабыржан Аққалықов жеңілді
Қазақстанның бокс құрамасы Ливерпульдегі әлем чемпионатында тағы бір қайғыға тап болды.
75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сабыржан Аққалықов алғашқы жекпе-жегінің өзінде жеңіліске ұшырады. Ол жазда Астанада өткен әлем кубогы кезеңінде нағыз сенсацияға айналған еді.
Ливерпульде қазақстандық былғары қолғап шебері алғашқы раундта Украинадан келген Павел Илюшамен шаршы алаңға шықты. Қарсыласы алғашқы екі раундты өз пайдасына шешті. Сабыржан тек үшінші раундта басым түсті. Алайда, қазылардың бөлек шешімі бойынша жеңіс украиналық спортшыға бұйырды.
Бұған дейін, осы әлем чемпионатында Элина Базарова (54 келіге дейін) мен Надежда Рябец (75 келіге дейін) жарысты аяқтаған болатын.
Ал ширек финалға жолдама алғандар қатарында: Айда Әбікеева, Сағындық Тоғамбай, Бейбарыс Жексен және Төрехан Сабырхан бар.