Қазақстан Ливерпульдегі әлем чемпионатында бесінші боксшысынан айырылды
Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалында жеңіліп, турнирден шығып қалды.
10 қыркүйекте 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Тоғамбай өзбекстандық боксшы Турабек Хабибуллаевтан ұтылып, турнирлік жолын аяқтады. Өзбекстандық спортшының жеңісі бірауыздан тіркелді – барлық төреші жеңісті оған берді.
Тоғамбай бұған дейін де Хабибуллаевпен кездескен болатын — маусымда олар Эйндховендегі турнирдің финалына шығу үшін айқасқан. Ол жекпе-жекте де Тоғамбай жеңілген еді.
Тоғамбайдың турнирден шығуы Қазақстан құрамасы үшін осы Ливерпульдегі әлем чемпионатындағы төртінші шығын болды. Бұған дейін әлем біріншілігінен Нұрбек Оралбай, Сабыржан Акқаликов, Элина Базарова (54 келіге дейін) және Надежда Рябец (75 келіге дейін) турнирден шығып қалған еді.