locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әлемдік бокс аңызы мансабын аяқтау туралы шешімін өзгертіп, дүркіретіп оралатынын мәлімдеді

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы әрі үш салмақ дәрежесінде әлем титулдарын иеленген Василий Ломаченко ұзақ үзілістен кейін кәсіпқой рингке ресми түрде қайта оралады.
Бокс
Әлемдік бокс аңызы мансабын аяқтау туралы шешімін өзгертіп, дүркіретіп оралатынын мәлімдеді
Фото: Инстаграм

Украиналық боксшы Василий Ломаченко кәсіпқой мансабын қайта жалғастыру туралы шешім қабылдап, америкалық Top Rank промоутерлік компаниясымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sports24.kz.

38 жастағы спортшының оралатыны туралы ресми түрде 5 қарашада жарияланды. Ынтымақтастық боксшының жаңа промоутерлік ұйымы Loma Power Promotions компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылады.

Ломаченконың оралғаннан кейінгі алғашқы жекпе-жегі 2027 жылдың басында өтеді деп күтілуде. Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, украиналықтың ең ықтимал қарсыласы — жеңіліп көрмеген филиппиндік Чарли Суарес. Кездесудің алдын ала мерзімі 13 ақпан деп аталғанымен, жекпе-жек әзірге ресми түрде бекітілген жоқ.

Ломаченконың өзі жақында ғана кәсіпқой спортқа қайта оралуын елестете алмағанын мойындады. Дегенмен чемпиондық титулдар үшін қайтадан күресуге деген ниеті оны бұрынғы шешімін қайта қарауға мәжбүр етті.

Украиналықтың басты мақсаты — екінші жеңіл салмақта абсолютті әлем чемпионы атану. Бұған дейін Ломаченко үш салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеулерді жеңіп алған, алайда бір дивизиондағы барлық негізгі титулды біріктіре алмады.

Еске сала кетейік, боксшы 2025 жылдың маусымында мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді. Ол соңғы ресми жекпе-жегін 2024 жылдың мамырында өткізіп, 11-раундта австралиялық Джордж Камбосос кішіны техникалық нокаутпен жеңіп, жеңіл салмақтағы IBF титулын иеленді.

Ломаченко кәсіпқой рингте 18 жеңіске жетіп, оның 12-сін мерзімінен бұрын аяқтады және үш рет жеңіліс тапты.

Айта кетерлігі, Top Rank компаниясымен Қазақстаннан шыққан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы да жұмыс істейді. Осылайша посткеңестік бокс мектебінің екі танымал өкілі қайтадан бір промоутерлік компанияның қамқорлығымен өнер көрсетеді.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie