locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасы World Boxing әлем кубогы кезеңіне қатысатын боксшыларын жариялады

World Boxing 2026 жылғы әлем кубогының финалдық кезеңі Өзбекстанда өтеді
Бокс
ФОТО: коллаж КФБ

Қазақстанның бокс құрамасы World Boxing әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жарысқа 31 елден 142 боксшы қатысады. Айта кетейік, спортшылар турнирге халықаралық ұйымның шақыруымен қатысады.

Алғашқы жекпе-жектер 28 қарашаға, ал финалдық айқастар 3 желтоқсанға жоспарланған.

Қазақстан құрамының тізімі

Ерлер:

  • 50 кг — Даниял Сабит.
  • 70 кг — Фарух Тоқтасынов;
  • 75 кг — Аман Қонысбеков;
  • 80 кг — Диас Молжігітов;
  • 85 кг — Сұлтанбек Айбарұлы;
  • 90 кг — Дәулет Төлемісов.

Әйелдер:

  • 57 кг — Карина Ибрагимова;
  • 70 кг — Бақыт Сейдеш;
  • 75 кг — Шұғыла Налыбай;
  • 80 кг — Валерия Аксенова;
  • 80 келіден жоғары — Дина Исламбекова.

Айта кетейік, Ташкенттегі турнир World Boxing әлем кубогының маусымдық сериясындағы соңғы кезең болады. Жүлделер үшін алдыңғы кезеңдердің жеңімпаздары, сондай-ақ ұйым рейтингінде жоғары орын алған өзге де спортшылар бақ сынайды.

Қазақстан құрамасы бұған дейінгі екі турнирде де сәтті өнер көрсетті. Сәуірде Бразилияда өткен кезеңде отандық боксшылар үш алтын медаль жеңіп алса, маусымда Қытайдағы жарыста қоржынға тағы бес алтын жүлде салды.

Осылайша, екі кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандықтар сегіз алтын медаль иеленді. Виктория Графеева айрықша жетістікке жетіп, екі турнирде де чемпион атанды.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie