Жұлдыздар арасында: Рыбакина US Open басталар алдында жарнамаға түсті
Биылғы теннис маусымындағы «Үлкен дулыға» турнирлерінің соңғысы — US Open біртіндеп қарқын алып келеді. Теннис әлеміндегі ірі брендтер өздерін жұлдыздардың қатысуымен жарнамалауға қарсы емес, соның ішінде Елена Рыбакина да бар, деп хабарлайды Sports24.kz.
Теннис жабдықтарын шығаратын танымал Yonex компаниясы US Open басталуына орай жарнама ролигін шығарды. Қазақстанның бірінші ракеткасынан бөлек, роликке Эмма Наварро, Даяна Ястремская, Каспер Рууд, Денис Шаповалов және тағы басқалар түсті. Видеонын нақты US Open-ге арналғанын компанияның Instagram-дағы аккаунтында жарияланған роликке жазылған «Нью-Йорк, дүр сілкіндірейік пе?» деген жазбадан аңғаруға болады.
Еске салайық, Рыбакина АҚШ ашық чемпионатындағы алғашқы матчын америкалық Тея Фродинге қарсы өткізеді. Әлемнің екінші ракеткасының қатысуымен өтетін кездесу 1 қыркүйекте болады, ойынның басталуы Астана уақытымен шамамен 20:00-ге жоспарланған. Бұған дейін турнир ұйымдастырушылары Рыбакинаның америкалық корттардағы ұзақ жаттығуының видеосын ұсынған болатын.