Видео. Турнирге дайын ба? Рыбакина US Open басталар алдында ұзақ жаттығу өткізді
Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open-2026 турнирі басталар алдында Нью-Йоркте жаттығу процесін қайта бастады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстандық теннисші турнирге дайындық аясында Билли Джин Кинг атындағы Ұлттық теннис орталығының корттарының бірінде бір сағаттық жаттығу өткізді. Жаттығу жеке бағдарлама бойынша өтті.
Рыбакинаның жағдайын оның жаттықтырушылар штабы мен медициналық команда өкілдері жіті бақылап отырды.
Еске салайық, Рыбакина турнирдегі алғашқы матчында WTA рейтингінде 580-орында тұрған 17 жастағы америкалық теннисші Теа Фродинге қарсы ойнайды.
Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева турнирдегі жолын Швейцария өкілі, WTA рейтингінде 12-орында тұрған Белинда Бенчичке қарсы матчпен бастайды.
Рыбакина мен Путинцеваның матчтары 1 қыркүйекке, Астана уақытымен 20:00-ге жоспарланған.
Бұған дейін Рыбакинаның US Open басталар алдында ақшалай бонус алғанын жазған болатынбыз.
Рыбакина WTA рейтингінің көшін бастай алады
US Open қорытындысы бойынша Елена Рыбакина мансабында алғаш рет жекелей сында әлемдік рейтингтің бірінші орнына көтерілу мүмкіндігіне ие.
Ол үшін Рыбакина турнирдің жартылай финалына шығуы қажет. Сондай-ақ қазақстандық теннисші Беларусь өкілі Арина Соболенко, сондай-ақ америкалық Коко Гауфф пен Джессика Пегула US Open турнирінде жеңіске жетпеген жағдайда әлемнің бірінші ракеткасы атана алады.
Осылайша, Рыбакина турнирде бірде-бір матч өткізбесе де, әлемдік рейтингтің көшін бастайтын сценарий бар.