US Open-2026 турнирінің басталуында Бубликтің қарсыласы анықталды
Қазақстандық теннисшілер АҚШ ашық чемпионаты-2026 турнирінің ерлер арасындағы жарысын кімдерге қарсы бастайтынын білді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик турнирдің алғашқы айналымында әлемдік рейтингте 248-орында тұрған америкалық Джеффри Вулфпен кездеседі.
Сондай-ақ Александр Шевченко турнирдегі алғашқы матчын ATP рейтингінде 101-орында тұрған хорватиялық Дино Прижмичке қарсы өткізеді.
Бұған дейін Қазақстанның әйелдер арасындағы өкілдері де турнирдің алғашқы айналымындағы қарсыластарын білген болатын.
Елена Рыбакина турнирді WTA рейтингінде 580-орында тұрған 17 жастағы америкалық теннисші Теа Фродинге қарсы матчпен бастайды.
Юлия Путинцева турнирдегі жолын Швейцария өкілі Белинда Бенчичке қарсы матчпен бастайды.
Еске салайық, US Open турнирінің қазіргі чемпиондары — Арина Соболенко мен Карлос Алькарас.