locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

US Open-2026: қазақстандық теннисшілер қашан ойнай бастайды

Алғаш болып ерлер арасындағы жекелей сында Шевченко мен Бублик кортқа шығады
ФОТО: Getty Images

30 қыркүйекте теннистен АҚШ ашық чемпионатының негізгі кезеңіндегі матчтар басталады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан турнирде ерлер және әйелдер арасындағы жекелей сында өнер көрсетеді. Алғаш болып кортқа Александр Шевченко мен Александр Бублик шығады.

Шевченко 30 тамызда ATP рейтингінде 101-орында тұрған хорватиялық Дино Призмичке қарсы ойнайды. Кездесу Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.

31 тамыз күні таңертең Александр Бублик жарыс жолына қосылады. Қазақстанның бірінші ракеткасы турнирдегі алғашқы матчында әлемнің 248-ракеткасы, АҚШ өкілі Джеффри Вулфпен кездеседі. Ойын таңғы 05:30-да басталады.

Елена Рыбакина турнирдегі алғашқы матчында WTA рейтингінде 580-орында тұрған 17 жастағы америкалық теннисші Теа Фродинмен кездеседі. Юлия Путинцева жарысты Швейцария өкілі, WTA рейтингінің 12-ракеткасы Белинда Бенчичке қарсы матчпен бастайды.

Рыбакина мен Путинцеваның кездесулері 1 қыркүйекке, сағат 20:00-ге жоспарланған.

Еске салайық, US Open турнирінің қазіргі чемпиондары – Арина Соболенко мен Карлос Алькарас.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie