locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Төрт сағатқа жуық тартыс: Шевченко US Open турнирінің алғашқы айналымынан ұшып кетті

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко бес сетке созылған тартысты матчта Дино Прижмичке жол беріп, жарысты алғашқы айналымда аяқтады
Төрт сағатқа жуық тартыс: Шевченко US Open турнирінің алғашқы айналымынан ұшып кетті
ФОТО: Getty images

Александр Шевченко US Open-2026 турнирінің алғашқы кезеңінен өте алмады. ATP рейтингінде 97-орында тұрған қазақстандық теннисші бес сетке созылған кездесуде әлемдік рейтингтің 101-сатысындағы хорват Дино Прижмичке есе жіберді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Матч 3 сағат 55 минутқа созылды. Шевченко алғашқы сетті 6:2 есебімен сенімді аяқтағанымен, кейін қарсыласы ойын тізгінін өз қолына алып, келесі екі партияны 6:3, 6:3 есебімен жеңіп кетті.

Қазақстандық теннисші матчтың төрт сетте аяқталуына мүмкіндік бермеді. Александр төртінші партияда тай-брейкте 7:5 есебімен басым түсіп, кездесуді шешуші сетке жеткізді. Бесінші партияда да оның жеңіске жетуге мүмкіндігі болды: Шевченко екі матчболға дейін жетті, бірақ екеуін де пайдалана алмады.

Шешуші сәттерде Прижмич жинақы ойнап, соңғы сетті 7:5 есебімен өз пайдасына аяқтады. Осылайша хорватиялық теннисші екінші айналымға жолдама алды.

US Open-2026. Ерлер. Бірінші айналым
Александр Шевченко – Дино Прижмич
– 6:2, 3:6, 3:6, 7:6 (7:5), 5:7

Осылайша, Шевченко АҚШ ашық чемпионатындағы өнерін алғашқы матчтан кейін аяқтады.

Енді қазақстандық жанкүйерлердің назары Александр Бубликке ауады. 31 тамыз күні таңертең Қазақстанның бірінші ракеткасы US Open-2026 турниріндегі алғашқы кездесуін өткізеді.

Бублик жарысты ATP рейтингінде 248-орында тұрған америкалық Джеффри Вулфқа қарсы матчпен бастайды. Кездесу Астана уақытымен 05:30-да басталады.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie