locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакинаның Швентекке қарсы матчтан неге бас тартқаны белгілі болды

Қазақстандық теннисші Цинциннатидегі ширек финалда ахилл сіңірін жарақаттап алуы мүмкін
Теннис
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Рыбакинаның Швентекке қарсы матчтан неге бас тартқаны белгілі болды
ФОТО: Getty images

Елена Рыбакинаның Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында Ига Швентекке қарсы кездесуді аяқтай алмауына себеп болған жарақатқа қатысты жаңа мәліметтер шықты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесу небәрі 29 минутқа созылды. Бірінші сетте есеп 1:4 болған сәтте Рыбакина допты ойынға қосқаннан кейін аяғынан жайсыздық сезініп, ойынды жалғастыра алмады. Осылайша, қазақстандық теннисші матчты мерзімінен бұрын аяқтады, ал Швентек жартылай финалға жолдама алды.

Бұл жағдайға танымал The Tennis Letter теннис парақшасы назар аударды. Олардың болжамынша, Рыбакинаның жарақаты ахилл сіңіріне байланысты болуы мүмкін.

«Елена Рыбакина өз геймінде допты ойынға қосқаннан кейін жарақат алды. Сол сәттен кейін ол бірден тоқтап, кездесуді жалғастыра алмады. Мәселе ахилл сіңіріне қатысты болуы мүмкін. Бұл алаңдаушылық туғызады», - делінген жазбада.

Кейінірек парақша авторлары жарақат алғаш көрінгендей ауыр болмайды деген үміт білдірді. Себебі алда маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» жарысы - US Open бар.

«Бұл сәтті көру өте ауыр болды. Ахилл сіңірінің ауыр жарақаты болмаса екен деп үміттенеміз. US Open-ге де көп уақыт қалған жоқ. Еленаға тезірек сауығып кетуді тілейміз», - деп жазды олар.

Швентекке қарсы кездесу Рыбакина үшін ерекше маңызға ие еді. Жеңіске жеткен жағдайда қазақстандық теннисші титул үшін күресті жалғастырып қана қоймай, әлемдік рейтингтің бірінші орнына тағы бір қадам жақындайтын еді.

Цинциннатиде Рыбакина ширек финалға дейін сенімді өнер көрсетті. Ол Тэйлор Таунсенд, Магдалена Френх және Диана Шнайдерді жеңіп, қарсыластарына бірде-бір сет бермеді.

Енді басты назар Рыбакинаның денсаулық жағдайына аударылады. Жарақаттың нақты сипаты әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie