locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина US Open турнирінің микст сайысынан бас тартты: қазақстандық теннисшіге не болды

Қазақстандық теннисші Тейлор Фритцпен бірге өнер көрсетуі тиіс еді, алайда оның орнын Джессика Пегула басты
Теннис
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Рыбакина US Open турнирінің микст сайысынан бас тартты: қазақстандық теннисшіге не болды
ФОТО: Getty images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің аралас жұптық бәсекесіне қатыспайды. Бұл өзгеріс жарыстың ресми өтінім тізімінде көрсетілді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бастапқыда Рыбакина америкалық Тейлор Фритцпен бірге микст сайысында өнер көрсетуі керек болатын. Алайда қазақстандық теннисші жарыстан бас тартқаннан кейін ұйымдастырушылар жұптардың құрамын өзгертті. Нәтижесінде Фритцтің жаңа серіктесі әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегула болды.

Рыбакинаның жоспарына Цинциннатиде өткен WTA 1000 турниріндегі жарақаты әсер етті. Қазақстандық спортшы ширек финалда Польшаның өкілі Ига Швентекпен кездескен еді.

Матчтың алғашқы сетінде-ақ Елена өзін жайсыз сезіне бастады. Есеп 1:4 болған сәтте кезекті доп бергеннен кейін ауырсыну күшейіп, ол кездесуді жалғастыра алмайтынын түсінді. Осылайша матч небәрі 29 минуттан кейін мерзімінен бұрын аяқталды.

Кейін Рыбакина бұл жайсыздықтың Швентекпен кездесуге дейін де мазалағанын айтты. Соңғы апталардағы тығыз ойын кестесі жағдайды қиындатып, ширек финалдағы сәтсіз қимылдан кейін ауырсыну күшейе түскен.

Енді жарақат қазақстандық теннисшінің US Open алдындағы жоспарына да өзгеріс енгізді. Соның алғашқы салдары - 24-26 тамыз аралығында өтетін аралас жұптық бәсекеден бас тартуы.

Ал Рыбакинаның Үлкен дулыға турнирінің жекелей сынына қатысатыны әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. US Open-2026 негізгі кезеңі 31 тамызда басталады. Сондықтан Еленаның қалпына келіп, денсаулығын бағалауға әлі де уақыты бар.

Рыбакина US Open қарсаңында маусымның өте тығыз кезеңін өткізді. Соңғы апталарда бірнеше турнирде қатарынан ойнап, әлемдік рейтингтің бірінші орны үшін күресін жалғастырған еді. Алайда Цинциннатиде алған жарақат оның алдағы жоспарын қайта қарауға мәжбүр етті.

US Open-2026 Нью-Йорктегі Билли Джин Кинг атындағы Ұлттық теннис орталығының корттарында өтеді. Турнир 13 қыркүйекте аяқталады.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie