locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина US Open-дегі сәтті старттан кейін не айтты

Қазақстанның бірінші ракеткасы 17 жастағы қарсыласынан сенімді түрде басым түсті
Рыбакина US Open-дегі сәтті старттан кейін не айтты
ФОТО: Getty Images

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының бірінші айналымында Теа Фродинді сенімді жеңгеннен кейін өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Рыбакинаның US Open-дегі алғашқы қарсыласы WTA рейтингінде 585-орында тұрған 17 жастағы теннисші болды. Қазақстанның бірінші ракеткасы 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Қарсыласы туралы

«Бүгін ол шынымен жақсы ойнады. Оның соққылары да, добы да керемет. Ойын оңай болған жоқ. Мен осында болғаныма қуаныштымын. Бізді қолдауға келгендеріңіз үшін көп рақмет. Мұнда әрдайым керемет атмосфера орнайды. Маған өте ұнады. Келесі матчты асыға күтемін».

Жарақаттан кейінгі қалпына келу барысы туралы

«Күн сайын жағдайыма қараймыз. Матч өткізіп, жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Ертең өзімді қалай сезінетінімді көреміз... Өйткені мен біраз уақыт үлкен үзіліс жасауға мәжбүр болдым. Ойнаған жоқпын әрі физикалық тұрғыдан дайындалмадым. Қазір бәрі менің жоспарым бойынша жүріп жатыр. Ең маңыздысы – қалпыма келіп, денемнің жағдайына құлақ асу. Әзірге бәрі жақсы».

Жартылай финалға шықса, әлемнің бірінші ракеткасы атанатыны туралы

«Әрине, менің мотивациям жоғары. Бұған дейін де мүмкіндіктерім болғанын сеземін, бірақ бәрі мен қалағандай бола бермеді. Әрине, қазір барлығы өте жақсы ойнап жүр. Бұған дейін айтқанымдай, осы жарақаттан кейін әр күн мен үшін маңызды екенін сезінемін. Әрине, бұл керемет жетістік болар еді, бірақ оған дейін әлі алыс. Ертеңгі демалысқа, қалпыма келуге көңіл бөліп, әрі қарай алға жылжи беруім керек».

Рыбакина екінші айналымда Дарья Видманова мен Джессика Манейро Бузас арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie